Еуразия ұлттық университеті Измир университетімен өзара ынтымақтастық байланыстарын орнатты

АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов пен Түркияның Измир университеті президиумының төрағасы Неждет Доганат өзара ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш құжатқа сәйкес, екі елдің университеттері студент алмасу, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру және магистр мамандарды даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істемек. Жақында Еуразия ұлттық университетінде өткен Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI Съезі аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім-ғылым саласында бірлескен іс-шараларды атқару жөніндегі тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстардың атқарылып жатқандығы жайында айтқан Б.Әбдірайымов: «Осыған орай, біз Түркия жоғары оқу орындарымен экономика бағыты бойынша магистр мамандарды даярлауға мүдделі болып отырмыз», - деп атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум