Еуразия ұлттық университеті Нобель сыйлығының лауреаттарын қарсы алды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Бүгін Нобель сыйлығының лауреаттары Еуразия ұлттық университетіне келді.
None
None

Әлемге аты әйгілі атақты тұлғалар елордалық жоғары оқу орнына «Іскерлік көпір - жастар үшін инновциялық болашақ» атты халықаралық конференция аясында арнайы шақырылып отыр.

ЕҰУ ректоры Бақытжан Әбдірайым университет студенттерімен бірлесе экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Джон Нэш, Сэр Джеймс Миррлис, Роберт Ауманн сынды атақты ғалымдарды және химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Роджер Корнбергті салтанатты түрде қарсы алды.

«Қазақстанның қазіргі таңдағы даму қарқыны таңғалдырады. Бұл ең алдымен халыққа жасалып жатқан мемлекеттік қолдаудың оң әсері деп білемін. Қазақстан халқына барлық қабілеттері мен идеяларын жүзеге асыруға толыққанды мүмкіндік жасалған, елдің мақсаты айқын, саясаты салиқалы», - деп өз пікірін білдірді журналистерге берген сұхбаты барысында Стэнфорд университетінің профессоры Роджер Корнберг.

Конференция шеңберінде 5 мамыр күні Нобель сыйлығының лауреаттары ЕҰУ студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, дәріс оқымақ.

Соңғы жаңалықтар