Еуразиялық банк бірқатар көрсеткіштер бойынша нарықтағы өз үлесін арттырды

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы / - Еуразиялық банк бірқатар көрсеткіштер бойынша нарықтағы өз үлесін арттырды. Оны банктің Басқарма төрағасы Жомарт Ертаев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осыдан бір жыл бұрын банктің топ менеджерлері алдымызға орасан зор міндеттер қойдық. Дағдарысқа қарамастан серпінді дамып, активтерді, несие қоржынын, депозиттік қорды ұлғайтатындығымызды жарияладық. Акционерлердің қолдауының арқасында бұл жоспарларды жүзеге асыра алдық», дейді Жомарт Ертаев. Оның айтуынша, 2008 жылғы сәуірдің 1-і мен 2009 жылғы сәуірдің 1-і аралығында банк активтері 62,53 пайызға, меншікті капитал 36,68 пайызға, несие қоржыны 25,22 пайызға өсті. Депозиттік қоржын екі еседен астам ұлғайды. Оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттері үш есе, заңды тұлғалардың депозиттері 69,35 пайызға артты. Соның нәтижесінде Еуразиялық банктің бірқатар көрсеткіштер бойынша нарықтағы үлесі артты. Мәселен, активтер бойынша - 1,52 пайыздан 2,12 пайызға, заңды тұлғалардың депозиттері бойынша - 1,25 пайыздан 2,85 пайызға, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 1,36 пайыздан 3,76 пайызға ұлғайды. Ал клиенттердің жалпы саны 147 204-тен 195 448-ге дейін артып, өсім 32,8 пайызды құрап отыр. «Банк қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі ? несие қоржынының сапасы. Экономикадағы объективті жағдайлардың нәтижесінде қоржындағы жұмыс істемейтін заемдардың көлемі 5 244 346 мың теңгеден 6 348 522 мың теңгеге көбейді. Ал несие қоржынындағы жұмыс істемейтін заемдардың үлесі 4,57 пайыздан 4,42 пайызға азайып, қорлардың үлесі 4,20 пайыздан 5,33 пайызға ұлғайды. Осылайша құрылған резервтердің көлемі жұмыс істемейтін заемдардың сомасын толық жаба алды. Сондай-ақ депозиттің несиеге қатынасы 73,28 пайыздан 117,45 пайызға дейін өсті. Бізде депозит несиеден 17 пайызға артық», дейді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Ж. Ертаев.
Соңғы жаңалықтар