Еуразиялық банк Канн кинофестивалінде «Eurasian Diamond Card» гауһар несие картасын таныстырды

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Франциядағы 62-ші Канн кинофестивалінде Еуразиялық банк «Eurasian Diamond Card» гауһар несие картасының таныстыру рәсімін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None
«Visa Infinite» тұғырнамасында жасалған гауһар карта сондай-ақ Монакодағы Формула-1 Гран-при аясында әлеуетті клиенттерге ұсынылды. Жақында ғана «Euromoney» журналы Қазақстандағы ең сенімді банк деп жариялаған қаржы институтының бұл картасы өте дәулетті клиенттерге арналған әлемдік деңгейдегі аса тиімді өнім болып табылады. «Eurasian Diamond Card» ? таза алтын суретті, әлемдегі бірінші гауһар Visa картасы. Ол иесіне 2 миллион доллар сақтандыру сомасын, 100 мың долларлық ең төменгі несие лимитін, шоттағы қалдыққа жылдық 7 пайыз мөлшеріндегі сыйақы төлеуді және тағы басқа көптеген артықшылықтар береді. «Біздің банктің гауһар картасы - қандай мемлекеттің азаматы болмасын әлемнің кез келген нүктесінде қолдана алатын әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке ие өнім. Eurasian Diamond Card алғашқы шығарылуының халықаралық нарыққа арналуы Еуразиялық қаржылық холдинг бизнесінің қисынына жақын: ақшаны шетелде табу және оны Қазақстанға тарту. Міне, біздің көптеген бәсекелестермізден басты айырмашылығымыз да осында», - дейді Дмитрий Николин. Оған таныстыру рәсімі кезінде қызығушылық білдіргендер аз болған жоқ. Олардың қатарында танымал дизайнерлер Роберто Кавалли мен Изабель Кристенсен, ескек есуден 5 дүркін олимпиада жеңімпазы Стивен Редгрейв, ағылшын футболының жұлдызы және ОАР-ның ұлттық батыры Лукас Радебе, Формула- 1 танымал пилоты Кими Райкконен, атақты кинорежиссер Квентин Тарантино сияқты әлемдік шоу-бизнес және спорт жұлдыздары бар.
Соңғы жаңалықтар