Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойған кезде экономикалық прагматизмді басшылыққа алу қажет - ҰКП

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойған кезде экономикалық прагматизмді басшылыққа алу қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені комитетінің хатшысы Бауыржан Хасенов айтты.
None
None

Оның айтуынша, бұл үдеріс бір жылдың ғана жүгі емес. Сондықтан бұрыннан келе жатқан келіссөздердегі ескірген тұстары болса, оларды бүгінгі экономикалық талаптарға жауап бере алатындай қылып өзгерту қажет. «Бүгінде келіссөздердің негізгі тармақтары әбден келісіп-пішілген. Ал әртүрлі бөліктері жұмыс барысында шешіліп отырады. Мұндай ауқымды интеграция барысында ең көп кездесетін кедергілер әлеуметтік-экономикалық факторлар деп айтуға болады. Кәсіпкерлер көбіне қағазбастылыққа шағымданады. Кейбір ведомстволардың қызметін реттеудегі заңнамалық олқылықтарды алға тартады. Осындай жағдайда интеграцияның көп пайдасы болады. Біз экономикалық одаққа енген Беларусь пен Ресейдің артықшылықтарын өзімізге енгізіп, керек жерінде өз тәжірибемізбен де бөлісе аламыз», - деп атап өтті Б.Хасенов. Сондай-ақ оның айтуынша, қазір одақ шеңберінде кез келген кәсіпкер қай елде өзіне тиімді болса, сол елде фирмасын тіркей алатын құқыққа ие болды. Сонымен қатар, ол жүктерін рәсімдеу үшін кеденнен тек бір-ақ рет өтеді. «Бидай мен ұн өндірісін алатын болсақ, біздің кәсіпкерлерімізге ұшан-теңіз нарық ашылады. Мәселен Новосібір жақты алып қарасақ, ол жақта бізде өсетін сияқты сапалы астық өспейді. Міне, біздің кәсіпкерлер сол нарықты игеруі қажет» - деді хатшы.

Соңғы жаңалықтар