Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты құжаттар 2014 жылдың мамырына дейін толық әзірленеді

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты құжаттар 2014 жылдың мамырына дейін толық әзірленеді. Бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумы барысында сөз сөйлеген Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетов осындай пікір білдірді.
None
None

Вице-премьердің айтуынша, ДСҰ-ға кіру, Кеден одағы аясындағы құжаттардың, мәселелердің барлығы да Қазақстанда бизнес-қауымдастықтың, Парламент мүшелерінің қатысуымен талқыланады. «Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімдерді дайындауда екі еселенген бақылау жүйесі жұмыс істеп тұр деп айтуға болады. Бір жағынан жақын аралықта Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт бап-бабымен талқылау басталады. Бұл құжат атқарушы биліктің өзі ішінде де, депутаттармен де талқыланады. Екінші мәселе біз барлық құжатты 2014 жылдың мамырына дейін дайындап боламыз», - деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, шамамен жарты жылдық мерзім келісімдерді арнайы Парламентте мұқият, асықпай талдау үшін беріледі. Содан кейін барып сәйкес келісімдер қабылданса, 2015 жылдың қаңтарынан бастап келісімдер күшіне енуі көзделеді.

«Атқарушы билік қана өз еркімен келісімдер дайындап жатыр деу артықтау, шындығында Қазақстанның барлық билік тармақтары бұған белсене араласуда. Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың бәрі, билік тармақтарының баршасы бұған қатысты шынайылықты сезініп отыр», - деді Қ. Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар