Еуразиялық инновациялық технологиялық өзара іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажет - Н.Назарбаев
«Менің көзқарасымша, таяу 15-20 жылда ЕЭО-ның стратегиялық дамуында келесі басымдықтарды қарастыру маңызды болмақ. Біріншіден - еуразиялық интеграцияның барлық кеңістігіндегі ұлттық экономикалардың жеделдетілген инновациялық технологиялық серпіліс үшін базалық жағдай қалыптастыру. 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Еуразиялық инновациялық технологиялық өзара іс-қимыл бағдарламасын әзірлеп, қабылдау маңызды деп санаймын», - деді Н.Назарбаев. Бұл ретте Елбасы аталған бағдарламада әлем жұмыс істеп жатқан басымдықты бағыттар бойынша бірнеше бірлескен инновациялық консорциумдар құру, экономикалық өсімнің бірлескен нүктелерін анықтау маңызды бола түсетіндігін айтты. Сондай-ақ ҚР Президенті басымдықты бағыт ретінде Қазақстан үшін де, Ресей үшінде маңызды минералды ресурстарды терең өңдеу мәселесін атады. «Мен тепе-теңдік негізде біздің инновациялық саладағы ынтымақтастық мәселелерімізбен айналысатын Еуразиялық инновациялық кеңес құру қажет деп санаймын. Екіжақты, сонымен қатар көпжақты негізде бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлерін құру қажет», - деді Н.Назарбаев.