Еуразиялық интеграция түсінігі брендке айналды - Н.Назарбаев

МӘСКЕУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық интеграция түсінігі брендке айналды. Бұл туралы бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалар тақырыбында дәріс оқыған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Бүгінде еуразиялық интеграция түсінігі саясаткерлер, экономистер, журналистер, қоғамдық орта белсенді қолданатын брендке айналды», - деді Н.Назарбаев.

Осы орайда Қазақстан көшбасшысы заманауи еуразиялық идея ешуақытта да шынайылықтан тамыр ажыратпағандығын баса айтты.

Ең алдымен интеграциялық үдеріске қатысуда барлық елдер үшін тәуелсіздік пен саяси егемендік, әрине, басымдықты мәселе. Ал интеграция жақындасуды талап етеді. Бұған қоса, әуелбастан-ақ оның мәні Қазақстан, Ресей, Беларусь, сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің басқа да елдерінің қарапайым адамдарының мүддесіне шынайы қамқорлық көрсетуге негізделген», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде осы жылдар ішінде Кеден одағы елдерінің шекарасы ашық бола түскендігін, үш елдің азаматтары шекарадан еркін өтіп, жүктерін кедергісіз тасымалдай алатын болғандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар