Еуразиялық медиа форум: Кипр синдромы. Дағдарыс құшағындағы Еуропа

Жиынның бүгінгі күн тәртібі бойынша қатысушы сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақтың келешегі жайында пікір таластырмақ. Бұдан бөлек, айтулы тұлғалар қатысатын жиын барысында Кеден одағының алғашқы жылдарының қорытындысы жайында әңгіме өрбитіні күтіледі. Еуропалық одақтың тәжірибелері сараланады. Қатысушылар Еуроаймақтағы түйіткілдерден бастап, Кипрдағы қаржы дағдарысына салиқалы талдау жасайтын болады. Спикерлер қатарында Грекия вице-премьері Теодор Пангалос, «Херитедж фаундейшн» АҚШ саясаттанушысы Ариэль Коуэн, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтер бар.
Бұдан бөлек, жиынның екінші жартысында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, ХХІ ғасырдағы медиа бағыттар жайлы әңгіме өрбитін болады. Форум ЕМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның қорытынды сөзімен жабылады.