Еуразиялық ұлттық университетінде төрт бірдей Нобель сыйлығының лауреаты дәріс оқиды

Жиынға 1994 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш, 2006 жылғы химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Стэндфорд университетінің профессоры Роджер Корнберг, 1996 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Сэр Джеймс Миррлис және 2005 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Ауманн қатысады, деп хабарлады оқу орнының баспасөз орталығынан.
Ал 5 мамыр күні ЕҰУ оқытушы-профессорлары мен студенттері алдында есімдері аталған төрт Нобель сыйлығының лауреаты түрлі тақырыптарда дәріс оқып, студенттермен пікір алмасады. Мәртебелі ғалымдардың дәрістерін тек қана ЕҰУ студенттері ғана емес, еліміздің 16 университетінің оқытушы-профессорлары мен студенттері тікелей эфир арқылы тыңдай алады.