Еуразиялық ықпалдастықты дамытуға қарсылар батыс елдері мен Қытайда баршылық - ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат  -  Еуразиялық ықпалдастықты дамытуға қарсылар көкейкесті мәселелерді ғылыми түрде талдауды арзан бас пайданы көздеушілік пен шерушілікке алмастыруда.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістері және заманауи әлем» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз болды.

«Саяси түрде арзан бас пайдасын көздеумен айналысушылар жүріп жатқан ықпалдастық үдерістерінің мәнін түсінбейді, не түсінгісі келмейді. Қазір біздің қоғамның өз ішінде де Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері басшыларының бастамаларына құрастырмалы шабуыл жүріп жатыр. Ресейде елдің болашағы Азияда емес батыста деп санаушы либералдар мен  еуропалық бірегейлікті сақтауды талап етуші ұлтшылдар ашық түрде майданға шығуда. Менің ойымша, трансұлттық корпорациялардың  тапсырысы бойынша ол шаралар енді біздің елімізде де көрініс бере   бастады», - дейді ҚР Президенті  жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов. Саясаттанушының пайымдауынша, кез келген мемлекеттің басым бағыты, ең алдымен - тату көршілік пен өзара тиімді қатынас.

Соңғы жаңалықтар