Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы электр стансасында қуаты № 6 энергоблок іске қосылды - Павлодар облысы
Бұл туралы «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Салтанатты шараға Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты. Энергоблоктың қайта құрылуы - «ЕЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасының кезекті ауқымды кезеңі. Энергоблоктардың қайта құру жұмыстары электр стансасының қуат қорын ұлғайтуға, жабдықтың сенімді жұмысын және мерзімсіздігін жетілдіруге, өндірістік және экологиялық көрсеткіштерді арттыруға бағытталған. Алтыншы энергоблоктың қайта құрылуына жұмсалған инвестициялар 265 млн долларды құрады. Жалпы, жоба екі жылға жуық мерзім ішінде іске асырылды.
Бүгінгі таңда жаңартылған энергоблоблогы бар электр стансасының жалпы қуаты 2 450 МВт құрап отыр. Энергоблок жұмыстарында ең озық әлем технологиялары қолданылды.
Энергоблоктың қуаты 25 МВт ұлғайтылды. Аталмыш қуат Павлодар қаласы көлеміндей аймақты жарықтандыруға да мүмкіндік туғызады.
Қайта құру жұмыстарына әр кезендерде 1500 адам тартылды. 25 мың тоннаға жуық металл құрылыстары қолданылды.
Қазан қондырғысы, турбоагрегаттың блок трансформаторлары, генератор ауыстырылды. Энергоблок оңтайлылығын және сенімді жұмысын арттыруға мүмкіндік туғызатын, жетілдірілген автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Оның нәтижесінде, мамандардың блоктың жұмысы туралы нақтырақ мәліметтерді алуға мүмкіндік жасалып, жабдық жұмысының тиімділігі артылды. Тазалау деңгейі 99,7% құрайтын жаңа бес сатылы электр сүзгілер қойылды.
- ТМД энергетикалық объектілерінде осы сияқты қайта құру алғашқы рет жасалып отыр. Жұмыстар басқа энергоогрегаттарды тоқтатпай іске асырылды. Электр стансаның басқа блоктарында өткізілген қайта құру тәжірибесі өз жемісін беріп отыр - жабдықтың демонтаждау және монтаждауын өткізу мерзімдері едәуір қысқартылды. №6 энергоблоктың іске қосылуы - біздің кәсіпорнымыздың бүкіл ұжымының өндірістік жеңісі. Оның іске асырылуына жоғары білікті мамандар тартылды, - деп атап өтті «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ президенті Абдуазим Рустамбаев.
«ЕЭК» АҚ энергоблоктарының қайта құру бағдарламасы 2001 жылдан бастап іске асырылып келеді. Мердігерлік ұйымдардың ішінде еліміздің компаниялары тартылғаны туралы айтып кеткен жөн. Сөйтіп, корпорация жергілікті қамту дамуына өз үлесін қосып отыр. Бүгінгі күні №№ 1, 2, 3, 4, блоктардың кешенді жаңғыртуы аяқталды. Алтыншы блоктың қайта құру жобасы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық бағадарламасына қосылған.