Еурокомиссияның Зерттеулер жөніндегі бас директоратының басшысы Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың келешегін жоғары бағалап отыр

БРЮССЕЛЬ.   Желтоқсанның   24-і. ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -  Қазақстанның     Бельгиядағы    Төтенше  және Өкілетті Елшісі,   Қазақстанның   Еуроодақ  және  НАТО жанындағы  миссияларының   басшысы   Ерік Өтембаев      Еурокомиссияның   Зерттеулер   жөніндегі  бас директоратының   басшысы  Жозе  Мануэль  Родригезбен  кездесті.
None
None

Тараптар  Қазақстан   Республикасы мен Еуроодақтың арасындағы  Ынтымақтастық пен  серіктестік  туралы келісімді  жүзеге асыру  аясында  бірлескен  күш-жігердің  арқасында    айтулы үлес қосылған  қазақстан-еуропалық  қатынастарының  артып  келе жатқан қарқынын  атап   көрсетті.  Ынтымақтастық пен  серіктестік  туралы келісімді    қайта қарап  шығу  қажеттілігі  туралы    бірлескен  мәлімдеме  қабылдаудың  және    Қазақстан мен  Еуроодақтың арасында жаңа  базалық  келісімді  жасаудың    маңыздылығына да   баса назар  аударылды.

Е.Өтембаевтың айтуынша,  Қазақстан  мен Еуроодақ    экономикада,     ғылым мен  зерттеулер  саласында   өзара тиімді  ынтымақтастықтың аясын  кеңейтудің  келешегі кемел.  Еуропалық   одақ   сонымен бірге,  алдыңғы қатарлы    технологиялар  мен  инновациялық жетістіктерді қолданудың   бай алаңы болып  табылады.  Осыған   байланысты,   жаңа құжатта   тараптардың    қарым-қатынастарына  ғылым  мен техника саласындағы өзара іс-қимылдарға,      тәжірибе алмасу  және  аталмыш  саладағы  әлеуеттерді  өзара тиімді   қолдану  мәселелеріне   назар  аударылуы  керек. 

Еуропалық   тарап   Қазақстанмен   қарым-қатынасты  дамытуға мүдделі  және  бұл бастаманы қолдайтынын атап  көрсеткен  Ж.М.Родригез,  аясында  ғылыми  зерттеулер  мен  технологиялық  жобалар  қаржыландырылатын  Еуроодақтың  2007-2013 жылдарға  арналған  Жетінші    негізгі келісімі      осынау   өзара   тиімді ынтымақтастықтың  негізгі тетігі  болуы керек екенін   айтты.   2007 жылдың  қаңтарынан     бастап күшіне енген бұл бағдарламаның  бюджеті 53,2  миллиард еуроны   құрайды (бұл Еуроодақтың  осы мақсатқа бұрын-соңды бөлген  ең   қомақты   қаржы ресурсы). Қазақстан  мен  Еуроодақтың арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың  даму  перспективасына  жоғары  баға беріп өтті.

Соңғы жаңалықтар