Еуроодақ Қырғызстандағы этносаралық диалогтың дамуына үмітті
Атап айтқанда, ол маусым айында жаңа Конституция қабылдауға, көппартиялық парламент құруға, алғаш рет коалициялық үкімет жасақтауға әкелген 2010 жылдың қазан айындағы парламенттік сайлау сияқты үдерістерді бастан кешірген Қырғызстанға әр даму кезеңінде қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап көрсетті. «Ал бүгін біз 2011 жылдың аяғына белгіленген президенттік сайлауды асыға күтіп отырмыз», - деп мәлім етті К.Эштон.
Еуроодақ халықаралық қоғамдастықпен бірге, өткен жылы болған қайғылы оқиғаның нағыз себептерін анықтауды, әсіресе тексеру жөніндегі халықаралық тәуелсіз комиссияның жұмысын қолдап отыр.
Еуропалық одақ, Қырғызстан үкіметі этносаралық диалогты дамыту, бейбітшілікті және заң әділдігін қамтамасыз ету мақсатындағы ықпалдастық және бітімге келу үдерістерін жалғастырады деген үмітте.