Еуропа қайта құру және даму банкі мен Ақтөбе облысының әкімдігі 3,1 миллиард теңгенің келісіміне қол қойды
Сондай-ақ мұнда облыс әкімі, Ақтөбе қаласының әкімі, «Трансэнерго» АҚ және ЕҚҚДБ арасында аталған жобаны қолдау туралы төртжақты келісімге қол қойылды.
Келісімге қол қою барысында аймақ басшысы бұл оқиғаның облыс орталығы үшін мән-маңызын атап өтті. Себебі жылыту жүйелерінің (68,5 пайыз) және қазандықтардың (58,5 пайыз) қатты тозуына байланысты ақтөбеліктер жылуды толық көлемде алып отырған жоқ, ал оны жоғалту 15-17 пайызды құрап отыр.
Қарыз қаражатын алу нәтижесінде 2016-2017 жылдары жылыту жүйелерінің 7,7 шақырымы мен 8 қазандық қалпына келтіріледі. Бұл жылумен қамтамасыз ету жүйесінің энергиялық тиімділігін арттырып, отын, электр энергиясының шығындарын қысқартуға, жылудың үздіксіз берілуін, нысандардың сенімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, апаттылықтың азаюына, апаттарды жою шығындарының азаюына мүмкіндік беріп, жылу энергиясы шығындарының 6 жылда 29,11 гкал-ға азаюына әкеледі. Онымен бірге қоршаған ортаға кері әсер ету айтарлықтай азаяды.
Шарада ЕҚҚДБ-нің қазіргі уақытта ақтөбелік аймақта 20-ға жуық жобаны қаржыландырғаны атап өтілді.
Осылайша, ағымдағы жылдың маусым айында астана қаласында Ақтөбе қаласында «Ақбұлақ» АҚ мен ЕҚҚДБ-нің арасында 2016-2018 жылдары сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бойынша инвестициялар сомасы 4 млрд. жуық теңгені құрайтын несиелік келісімге қол қойылды. Оны атқару барысында 2016-2018 жылдары сумен жабдықтаудың 4 жобасын, су тарту бойынша 1 жобаны, ақпараттық-өлшеу жүйесін орнату бойынша 4 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Тараптар өзара тиімді ынтымаұтастықты жалғастыру ниетін білдірді.
«Алдымызда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты одан әрі жаңғырту, автобус паркін жаңарту, облыс орталығын жарықтандыру, экология жағдайын жақсарту және өзге де проблемалық мәселелерді шешу бойынша үлкен жұмыстар бар. Бұдан басқа, бізде құрылып отырған индустриялық аймаққа инвестициялар тартуда көмек қажет. Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшылығынан қолдау алатынымызға сеніп отырмын», - деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.