Еуропа-Қазақстан байланыстарының болашағы Астанадағы республикалық форумда талқылануда

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада Нұр Отан ХДП-нің Парламентаризм институтының ұйымдастыруымен «Еуропа-Қазақстан: тарихи алғышарттар және ықпалдастық перспективалары» атты республикалық форум өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумның үш сессиясы бойынша экономикалық ықпалдастық, жаһандану жағдайында әріптестік байланыстарын күшейту, қауіпсіздік инфрақұрылымының бірыңғай жүйесін құру және Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің өркениетаралық сұхбаты айналасындағы концептуалды сұрақтар қаралуда.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету аясында өткізіліп отырған форумның жұмысына ҚР Парламенті қос палаталарының депутаттары, министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдардың, шетелдік дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы, азаматтық қоғам институттары қатысуда.

Алқалы жиында Еуропа мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық, гуманитарлық және мәдени әріптестікті күшейтудің перспективалары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Еуропаға жол» бағдарламасымен байланыстырылды. Осы тұрғыда қатысушылар құжаттың рөлін ерекшелей келе, «Еуропаға жол» бағдарламасын Қазақстан-Еуропа ықпалдастығының локомотиві ретінде таныды.

«Еуропаға жол» бағдарламасы - өз құндылықтары, тәжірибесі және құқықтық, саяси саладағы бай дәстүрі бар Қазақстанды Кәрі құрлықпен жақындастырар жаңа жолдар ашты», дейді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Александр Кельчевский. Оның айтуынша, Қазақстан бастамасымен қолға алынып жатқан шаралар мен үдерістер ұйымға ғана емес, елдің ішкі саяси-қоғамдық және нарықтық реформаларына жағымды ықпалын бері тиіс.

«Қауіпсіздікті сақтау және Шығыс пен Батыс арасындағы сұхбатты, өзара түсінісушілікті нығайту бағытында жаңа жол таңдау қажет. ЕҚЫҰ қызметіндегі гуманитарлық, экономикалық-экологиялық және әскери-саяси кеңістіктерінің дамуына одан әрі күш салу қажет. «Нұр Отан» партиясы ЕҚЫҰ аумағында Еуразияшылдық құндылықтарды тарату мақсатында елдегі азаматтық қоғам институттары мен еуропалық қауымдастық арасындағы ықпалдастықты күшейте беретін болады», деді конференцияда сөз алған «Нұр Отан» ХДП-нің Орталық аппараты басшысының орынбасары Расул Оразқұлов.

Еуропалық кеңес пен Қазақстан қарым-қатынасы 1993 жылы ресми түрде басталған болатын. Ол кезде кеңеске 25 ел ғана мүшелік еткені белгілі.

Соңғы жаңалықтар