«Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия: энергетика және көлік дәліздері саласындағы ынтымақтастықтар» - Будапешттегі конференция

None
None
БУДАПЕШТ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат – Мажарстан Республикасындағы Қазақстан елшілігі Әзірбайжан елшілігімен бірлесе отырып, «Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия: энергетика және көлік дәліздері саласындағы ынтымақтастықтар» деп аталатын ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР-ның Мажарстандағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Конференция жұмысына Мажарстан Энергетика, көлік және телекоммуникация министрлігінің энергетика жөніндегі мемлекеттік хатшысы П.Гордош, Энергетикалық зерттеу жөніндегі мажар орталығының директоры П.Кадарьяк, SOCAR Әзірбайжан Мемлекеттік мұнай компаниясының вице-президенті В.Байларбаев, Мажарстан әлем экономикасы институтының ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ дипломатиялық миссиялар мен іскерлер тобының өкілдері қатысты.Конференцияны ашқан ҚР Елшісі Рашид Ыбыраев Қазақстандағы энергетикалық сектордың дамуы мен оның келешегі туралы хабарлама жасады. Қазақстандық дипломат жаһандық энергетика балансын қамтамасыз етуге мемлекеттің жауапты екендігін атап өтті. «Саяси тұрақтылыққа және аймақтағы қауіпсіздікке, барлық шекаралас мемлекеттердің экономиканы жаңартуға қол жеткізулеріне Қазақстан мейлінше мүдделі болып отыр», - атап өтті ол. Баяндама барысында ҚР Елшісі «Еуропаға жол» атты қазақстандық бағдарламаны жүзеге асыру тұрғысында энергетикалық өнеркәсіпті жаңартудың маңызын атап көрсетті.Сондай-ақ конференция ауқымында Мемлекет басшысының мажар тілінде басылған «Қазақстандық жол» кітабының таныстырылымы болды.Конференцияға қатысушылар халықаралық энергетика нарығындағы ҚР-ның рөлі өсіп келе жатқанын мен экономикадағы зор серпілісін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
telegram