07:46, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Еуропадағы НАТО әскерлерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Джеймс Ставридис Қазақстанға келуге ниет білдіріп отыр
МОНС-БРЮССЕЛЬ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Монс қаласындағы (Бельгия) НАТО-ның операциялар бойынша бірлескен бас штабында Бельгия мен Люксембургтағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, ЕО пен НАТО-дағы ҚР миссиясының басшысы Ерік Өтембаев Еуропадағы НАТО бірлескен әскерлерінің Жоғарғы бас қолбасшысы, адмирал Джеймс Ставридиспен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы жағдайдың қазіргі ахуалы мен ынтымақтастықтың даму болашағын әңгіме өзегіне айналдырды. Онда адмирал Джеймс Ставридис біздің елдің Орталық Азия аймағындағы маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстан мен НАТО-ның әскери ынтымақтастығына, әсіресе біздің еліміздің Ауғанстанға көрсетіп жатқан көмегін аса жоғары бағалады. Еуропадағы НАТО әскерлерінің бас қолбасшысы Қазақстанға, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа аймақтық қауіпсіздікті сақтауға қосып отырған үлесі үшін алғыс айтты.
Кездесу соңында адмирал Джеймс Тавридис алдағы келешекте Қазақстанға барып, оның жетістктерімен танысуға ниет білдіріп отырғанын жеткізді.