Еуропалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі парламентаралық конференцияның жұмысы мемориалға гүл шоқтарын қоюдан басталды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда еуропалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі парламентаралық конференцияның жұмысына қатысушылар өз жұмыстарын Ленинград қоршауы жылдары қаза тапқан 500 мыңнан астам жауынгер мен бейбіт тұрғындар жерленген Пискарев мемориалдық зиратындағы монументке гүл шоқтарын қоюдан бастады. Парламентшілер боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
None
None

ТМД парламентаралық Ассамблеясының төрағасы Сергей Миронов, еуропалық қауіпсіздік конференциясының алдында осынау қасиетті орынға ат басын тіреу - тек құрмет қана емес екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл рәсім парламентшілерге, олардың борыштары - жаңа соғысқа жол бермеу екенін көрсетеді.

Бүгін өтетін конференцияға қатысушылар өз назарларын еуропалық қауіпсіздіктің болашақ құрылымының құқықтық негіздеріне аударады.

Естеріңізге сала кетейік, еуропалық қауіпсіздік туралы шарт біртұтас еуроатлантикалық кеңістік құруға бағытталған және «қырғиқабақ соғыстың салдарларын жоюға» негізделген.

Соңғы жаңалықтар