16:21, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Еуропалық қайта құру және даму банкі мен ВТБ Банк кредиттік келісімге қол қойды
АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ВТБ Банкінің баспасөз қызметі Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) кредиттік келісімге қол қойылғаны туралы хабарлама таратты. 20 миллион доллар көлеміндегі кредит ВТБ Банктің еншілес ұйымына Сауданы дамытуға жәрдемдесу бағдарламасының шеңберінде берілмек.
«Осы Келісімге қол қоя отырып ВТБ Банк Қазақстандағы импорттаушылар мен экспорттаушылардың үлкен санына қолдау көрсетеді. Ол Қазақстанның басқа елдер арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді ЕҚДБ-тің Саудаға көмек көрсету жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Рудольф Путц. Бұл бағдарлама ЕҚДБ-нің сыртқы экономикалық қызметін ынталандырады. Оның көмегімен банк өзіне саяси және сауда төлемдерін алмау тәуекелін қабылдай отырып, аккредитивтерді растайтын халықаралық банктерге кепілдік береді. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ЕҚДБ-нің серіктес-елдері арасында Саудаға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде мәмілелер көлемі бойынша Ресейден кейін 2-орын алды.