Еуропаның қай елдерінде экономикалық теңсіздік жоғары
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропа орталық банкінің (ЕОБ) мәліметтерінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Еуропада байлықты бөлуде айтарлықтай теңсіздік байқалып отыр. Тұрғындардың ең бай 5 пайызына бүкіл байлықтың 44,5 пайызы тиесілі болып отыр. Ал тұрғындардың жартысына барлық активтердің 5% ғана тиіп отыр, деп хабарлайды Euronews.
Еуропада байлық қалай бөлініп жатыр
UBS-дің «Жаһандық байлық -2025» есебіне сәйкес, Джинни индексі (теңсіздік көрсеткіші, онда 0 – толық теңсіздік, 1 – абсолютті теңсіздік) Еуропа елдері бойынша қарастырылған. Теңсіздіктің ең жоғары деңгейі Швецияда тіркелген (0,75), ал ең төменгісі Словакияда (0,38).
Швециядан бөлек теңсіздік Түркияда (0,73), Кипрде (0,72), Чехияда (0,72) және Латвияда (0,70) тіркелген. Бұларға қарағанда, байлығы дұрыстау бөлінген елдер Бельгияда (0,47), Мальтада (0,48) және Словакияда (0,5).
Еуропаның жетекші экономикаларындағы теңсіздік
Еуропаның ірі экономикаларының арасында теңсіздік Германияда тіркелген, мұнда Джинни коэфиценті 0,68.
Өзге елдерде жағдай былайша қалыптасқан:
· Франция — 0,59
· Ұлыбритания — 0,58
· Италия — 0,57
· Испания — 0,56
Швецияда теңсіздік неге мұндай жағдайға жеткен ?
Швеция өзінің әлеуметтік саясатымен танымал болғанымен, байлықты бөлу жағынан ол ең төменгі сатыда тұр.
Себебі Швециядағы табыс теңсіздігінің себептері салық саясатына байланысты. Швециялық Arena Idé сараптамалық орталығының басшысы Лиза Пеллингтің айтуынша, елде мұраға қалдыру, сыйға тарту және мүлік салығы қарастырылмаған, ал корпоративтік салық мөлшерлемесі төмен. Бұл байлықтың аз ғана топтың қолында шоғырлануына қолайлы жағдай туғызады.
Байлықтың ең үлкен үлесі байларда: Мальтадан Латвияға дейін
Тұрғындардың 5 пайызын құрайтын ең бай адамдардың үлесі әр елде әрқалай:
· Ең төменгі — Мальтада (30,8%), Кипрде (31,4%), Нидерландта (32,8%) және Грецияда (33%)
· Ең жоғарғы — Латвияда (54%), Австрияды (53,1%) және Литвада (51,7%).
Германия мен Италияда халықтың ең бай 10 пайызына байлықтың 60 пайызы тиесілі.
Өзге елдерде:
· Франция — 54,8%
· Испания — 53,4%
· Ирландия — 48,6%
· Нидерланды — 46,2%
· Греция — 45,4%
· Кипр — 44,8%
· Словакия — 44,1%
Баспаналы болу теңсіздікті төмендетеді
Eurofound сарапшылары Карлос Вакас-Сориано мен Эстер Шандордың айтуынша, байлықтың бөлінісіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі – жылжымайтын мүлікке иелік ету. Олардың пікірінше, тұрғындардың көпшілігі жеке баспанамен қамтамасыз етілген елдерде экономикалық теңсіздік деңгейі әдетте төмен болады. Ал қаржылық активтер аз ғана топтың қолында шоғырланған елдерде керісінше – теңсіздік жоғары.
Теңсіздік уақыт өте келе қалай өзгереді ?
UBS пен Еуропалық орталық банктің (ЕЦБ) деректерінде сәл айырмашылық болғанымен, жалпы үрдістер ұқсас.
Euronews талдауына сәйкес, Еуропада экономикалық теңсіздік деңгейі соңғы 15 жыл бойы жоғары күйінде қалып отыр. Бұл көрсеткіштің өзгеруіне әртүрлі факторлар әсер етеді — салық саясаты, цифрландыру деңгейі және жаһандық экономикалық күйзелістер.
Осыған дейін немістердің жартысына жуығы жұмысын ауыстыруды ойлап жүргені туралы жаздық.