Еуропаның банк жүйесі бастарынан өткеріп отырған қазіргі ахуалдан Қазақстан 2006-2007 жылдары өтіп кеткен - Б.Тәжіяқов

АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуропа елдерінің банк жүйесі бастарынан өткеріп отырған қазіргі ахуалдан Қазақстан 2006-2007 жылдары өтіп кеткен.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов айтты.

Оның айтуынша, 2011 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 122,9 миллиард долларды құрады.

"Біз 2008 жылғы әлемдік дағдарыстан жақсы шықтық. Одан банк жүйесінің жағдайы да нашарлаған жоқ. Еуропаның банк жүйесіндегі қазіргі ахуал біздегі 2006-2007 жылдарда болған жағдаймен ұқсас. Себебі, Грекия, Италия, Испания сияқты еуропалық елдердің қазір сыртқы борышын өтейтін кезі келіп отыр", - дейді Б.Тәжіяқов.

Төраға орынбасарының сөзіне қарағанда, ел экономикасына қазір қандай да бір дағдарыс қаупі төніп тұрған жоқ. "2011-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте мұнай бағасы әр барреліне орта есеппен 80 доллар деп қарастырылған.   Әлемдік нарықтағы баға одан төмендеген жағдайда ғана экономиканың дамуына үлкен қауіп-қатер төнуі мүмкін. Әзірге оған еш негіз жоқ.

"Қазақстанның банк секторы соңғы 10 жылда активтердің өсуі, депозиттердің тартылуы мен экономиканы қаржыландыру сияқты көрсеткіштері бойынша біршама өсімге қол жеткізді. 28 желтоқсанда Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР  Заңына қол қойды. Ол  банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу жүйесін жетілдіруге, банк қызметі мен банктік конгломераттардың ашықтығын арттыруға, банктерді анық немесе жасырын үлестес бейінді емес құрылымнан кесіп тастауға, құқықтық және қаржы қызметтері тұтынушыларының заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету тетіктерін күшейтуге бағытталған. Бұл еліміздің банк жүйесінің тартымдылығын одан әрі ұлғайтуға жаңа мүмкіндіктер береді", - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар