Еуровидение: Данэлия Төлешоваға қалай дауыс беруге болады
Байқау сайтында кез келген қазақстандық азамат өзіне ұнаған 5 қатысушыға, соның ішінде отандасымыз Данэлия Төлешоваға дауыс бере алады. Дауыс беру 25 қарашада жабылып, финалдық концерттен кейін тағы 15 минутқа ашық болады. Байқаудың ақтық кезеңінің тікелей көрсетілімін 25 қараша күні сағат 21:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тамашалауға болады.
Ал 23 қарашадан бастап сайтта берілген барлық дауыс есептеліп, ұпайға өзгертіледі. Көрермендердің онлайн дауыс беруі барысында жиналған барлық ұпай - қатысушыны бағалаудың жартысы ғана, қалғаны қазылар алқасының берген ұпай санымен қосылып бағаланады.
Бұған дейін қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың әніне қойылымды белгілі ресейлік режиссер Алексей Голубев жасап жатқанын, «Минск Аренадағы» балалар Еуровидениесінің финалына екінші репетициясын тамашалаған еуропалық БАҚ өкілдері Данэлияның өнеріне таңданысын жасыра алмағандығын хабаралған едік.
Одан кейін техникалық себептерге байланысты «Балалар Еуровидениесінің» тікелей көрсетілімі республикалық «Хабар 24» арнасына алмастырылғанын да ескерткен едік.