Expo-2017 аясында ұйымдастырылған байқау мәресіне жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында қолданбалы өнер бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталып, оларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
None
None

ҚР Спорт және Мәдениет министрлігінің тапсырысымен ҚҚ «Мемлекеттік саясатты дамыту қоры» мүмкүндіктері шектеулі адамдарға арналған «Халықаралық мамандандырылған Астана Expo-2017 көрмесіне беделді сувенирлік өнім үлгілерін дайындау» халықтық және сәнді-қолданбалы қолөнер шеберлігі бойынша республикалық әлеуметтік конкурс өткізді.

Байқау мақсаты - мүмкүндігі шектеулі адамдарды еңбекке тарту, Қазақстанда қолөнер өндірісінің дамуын ынталандыру және олардың арасында ең дарынды және болашақ қолөнер шеберлерін табу. Байқау үш номинация бойынша өтті: «Дарынды бастау» (Молодое дарование); «Эко-дизайн»; және «Мұрагер».

Сарапшылар комиссиясы құрамына жоғары мамандандырылған және беделді өнер қайраткелері, дизайн саласындағы танымал қайраткерлер, сонымен қатар, «Сәнді-қолданбалы өнердің шеберлерін демеу ораталығы» қоғамдық бірлестіктің басшысы кірді. Комисссия төрағасы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Францияның көркемсурет академиясының лауреаты, Татарстан Республикасының халық суретшісі, Академик, профессор К.В. Муллашев.

Іріктеу кезеңінде әрбір номнациядан қолөнершілердің ең жақсы жұмыстары таңдалды.

«Дарынды бастау» номинациясы бойынша жүлделі орындарды Оңғарова Ақбота, Горячевская Юлия және Нуртазина Айдана өзара бөлісті. Олар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

«Эко-дизайн» номинациясы бойынша бірінші орын Атабеков Өскенге берілді. Оның «Шахмат» жұмысын қазылар алқасының бірауыздан үздік деп танып отыр.

«Мұрагер» үшінші номинациясында «Кешқұрым» суретімен бірінші орынды және екінші, үшінші орынды Асылбай Абылайхан мен Бексұлтанова Анар иеленді.

Байқаудың демеуші компаниясы «CVL» тағайындаған ақшалай сыйлықты Көкшетаудан келген Құрманғожина Динара қалтаға басты.

Ақтық сынға жеткен байқау қатысушылары «Астана ЭКСПО - 2017» АҚ ҰК тағайындаған кәдесыйларымен мараппатталды. Қатысушылар да өз тарапынан әділқазылар мен ұйымдастырушыларға өз сылықтарын тарту етті.

Айта кетейік, байқауға 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатыса алды. Өтініштер 31 қазаннан 12 қарашаға дейін қабылданған болатын. Байқау жеңімпаздары 24 қарашада анықталды. Жүлдегерлер туристерге ұсынылатын ЭКСПО-2017 имиджілік кәдесый өнімдерін жасау мүмкіндігіне ие болып отыр. Өнімдер көрмеге келушілер үшін Қазақстанға жасаған сапарынан естелік болады.

Соңғы жаңалықтар