EXPO-2017 көрмесін өткізу арқылы Астананы ірі халықаралық, көрме және ақпараттық алаңы ретінде қарастыруға басымдық беріледі - вице-министр Т. Жақсылықов

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан ағымдағы онжылдықтағы ең басты шаралардың бірін өткізуге дайындалып жатыр. ЭКСПО-2017 көрмесін Дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаннан бері елордада бұл бағыттағы жұмыстар жаңа қарқынмен атқарыла бастады. Үкімет тарапынан іске асырылған жұмыстар жайында, сондай-ақ 2014 жылға межеленген жоспар тұрғысында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов айтып берді.
None
None

- Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 26 қарашадағы Жарлығымен Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Сонымен қатар Үкімет 2013-2018 жылдарға арналған ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Ұлттық жоспарды қабылдады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Ұлттық консультант кеңсесі мен Астана әкімдігі жанында қала нысандарын әзірлеу мен құрылысын жүргізу бойынша дирекция құрылды. Қазіргі кезде ұлттық компания тіркеу құжаттамасының мағыналық бөлігін жүзеге асырумен, көрме аумағындағы инфрақұрылым мен нысандарды жобалаумен және құрылысымен, сондай-ақ аталған шараны ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарымен айналысып жатыр. Ұлттық консультант кеңсесі әзірлеу істерімен және тіркеу құжаттамасы жобасын алға жылжытуды жүргізуде. Ал Астана әкімдігі жанындағы дирекция көрмені тиімді өткізу бағытында инфрақұрылымды дайындау мен дамыту мәселелеріне жетекшілік етуде. Тіркеу құжаттамасын қорғағаннан кейін алдағы жылы инфрақұрылым құрылысы бойынша және көрме аумағын дайындау, сондай-ақ инвесторларды, стратегиялық серіктестерді, баламалы энергетика саласына жұмылдырылған шетелдік және отандық компанияларды тарту жұмыстары басталады.

- Тимур Мекешұлы, ЭКСПО-2017 көрмесінің тіркеу құжаттамасы жайында нақтырақ айтсаңыз? Жалпы бұл не?

- Тіркеу құжаттамасында көрмеге дайындық пен оны өткізу туралы, сондай-ақ ЭКСПО-ны табысты ұйымдастыру үшін Үкіметтің кепілдікті міндеттері жайында толық ақпарат қамтылған. Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) ережесіне сәйкес, тіркеу құжаттамасының құрамына мастер-жоспар, нысандарды көрмеден кейін пайдалану, коммуникациялық жоспар, коммерциаландыру жоспары, қаржылық жоспар мен басқа да құжаттар енеді. Мастер-жоспар - бұл тіркеу құжаттамасының негізгі бөлігі болып табылады. Ол ЭКСПО-2017 көрме кешенінің үздік эскиз-идеясына халықаралық сәулеттік байқау қатысушыларына ұсынылатын нақтыланған техникалық тапсырманың, оның ішінде Астанда ЭКСПО-2017-нің символы болатын нысанның міндетті бөлігі.

Бүгінде мемлекеттік комиссия «Мұнай тамшысы» атты жұмыс атауымен мастер-жоспардың нұсқасын мақұлдады. Коммуникациялық жоспар көрмеге барынша көп қатысушы мен қонақтарды тарту үшін маркетингтік стратегияны және ақпараттық компанияны суреттейді. Ал коммерциаландыру жоспары кірісті барынша арттыру мен шығысты барынша азайту жолымен көрмені өткізуден ең жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізу бойынша алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қажет. Тіркеу құжаттамасын Халықаралық көрмелер бюросының қарауына 2013 жылдың қазанында ұсыну жоспарланып отыр.

- Көрме кешенінің ең үздік идеясына сәулеттік байқауға қатысу үшін қанша өтінім берілді?

- ЭКСПО-2017 көрме кешені жобасының ең үздік эскиз-идеясына Халықаралық сәулеттік байқау биылғы 18 ақпанда жарияланды. Байқау басталғаннан бері «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ға 30 тапсырысты және қатысушылардың 75-ке жуық бастамашыл өтінімі бағытталды. Байқау 2013 жылдың 18 шілдесінде аяқталады. Ұсынылған жобалар бағаланғаннан кейін 12-19 тамыз аралығында қазылар алқасымен конкурстық еңбектердің көрмесі ұйымдастырылады. Байқаудың қорытындысы биылғы 1 қыркүйекке дейін шығарылады.

- ЭКСПО-2017 атаулы шарасын өткізудегі Қазақстанның дайындығы барысын ХКБ қалай бағалады?

- 2013 жылдың 7 мамырында ХКБ-ның Париждегі штаб-пәтерінде ұйымның атқарушы комитетінің отырысы өтті. Онда соңғы бес айдағы жұмыс таныстырылып, көрмені өткізуге бөлінген жер телімі туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар тіркеу құжаттамасының кейбір бөлімдері таныстырылып, ондағы ЭКСПО-2017 көрмесінің алдын ала мастер-жоспары, нысандарды көрмеден кейін пайдаланудың жоспары, сондай-ақ жалпы және арнайы жұмыстар көрсетілді.

Биылғы 12 маусымда Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 153-ші сессиясында Қазақстан жеңіске жеткен күннен бері атқарылған жұмыс пен тіркеу құжаттамасын даярлау барысы жайында есеп таныстырылды. Жалпы ХКБ Қазақстанның дайындығын жоғары бағалап, жоба бойынша елеулі жұмыстар жасалғанын атап өтті.

- ЭКСПО-2017 Астанаға және жалпы Қазақстанға қандай экономикалық мүмкіндіктер мен басымдықтар береді?

- Атап айтқанда, ондаған мың жұмыс орындары құрылады, ішкі туризмді дамыту, шетелдік туристер ағынын арттыру және басқа да табыстарға қол жеткізіледі деп күтілуде. Көрме нысандарының құрылысына инвестиция тартудан басқа, елімізге экономикалық тиімділік мәселелері де ескерілген. EXPO аясында бой көтеретін нысандар болашақта Қазақстан мен оның елордасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаңы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Астана мен іргелес жатқан өңірлердің шағын және орта бизнесін де дамытуға жаңа серпін беріледі. Бәрінен бұрын - бұл халыққа қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм.

- Әңгімеңізге рахмет!

Соңғы жаңалықтар
Референдум