«Эйр Астана» Астана-Атырау бағыты бойынша қосымша рейстер ашады

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы Астана-Атырау бағыты бойынша ұшатын қосымша екі рейс туралы хабарлайды.
None
None

2010 жылғы қыркүйектің 15-інен бастап елордамыздан Қазақстанның мұнайлы қаласына ұшатын рейстердің саны аптасына 9-ға дейін көбейтілді. Қосымша рейстер «Эйрбас А320» (бизнес класта 16 және эконом-класта 132 орын) ұшағы арқылы сәрсенбі және сенбі күндері ұшады.

Астана-Атырау бағытындағы билеттің құны барлық салықтарды қоса алғанда эконом-класта 29 200 теңгені, ал бизнес-класта 53 940 теңгені құрайды.

Билет сатып алу орталығына хабарласып, Ғаламтордағы www.airastana.com сайты арқылы тікелей желіде билетке тапсырыс беруге болады, сондай-ақ +7 (727) 2444477 байланыс телефоны арқылы барлық ақпарат алуларыңызға болады.

Рейстердің ұшу уақыты сәрсенбі және сенбі күндері 19.25-те жүзеге асырылады, рейстің ұзақтығы 2 сағат 30 минут.

Соңғы жаңалықтар