10:42, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
«Эйр Астана» авиакомпаниясы Дубай қаласына тұрақты рейстерді қайта ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Алматы - Дубаи» бағыты бойынша аптасына 11 рейс ұшатын болады: «Эйр Астана» авиакомпаниясы аптасына 7 рет ұшса, «Флай Дубаи» араб әуе тасымалдаушысы 4 рейс жасайтын болды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуниация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстаннан Дубаиға ұшу 2010 жылдың қазанында тоқтатылған болатын, себебі - Дубаидың авиациялық билігі рұқсат бермей қойды. Сондықтан, «Эйр Астана» Абу-Дабиге тұрақты рейстер жасай бастады. Көлік және коммуникация министрлігі мен авиакомпаниялар араб әріптестерімен «Алматы - Дубаи» рейсін қайта жаңғырту жөнінде келіссөздерді ширата түсті. Сөйтіп, көптеген кездесулер арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік. Енді қазақстандықтар Алматыдан Дубаиға және Астанадан Әбу-Дабиге, яғни, көңілдері қалаған курорттарға екі қаладан да ұша алады», - деп мәлімдеді ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.