05:11, 09 Шілде 2013 | GMT +5
Фархад Харки - Универсиада жеңімпазы
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық зілтемірші Фархад Харки Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиадада 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын еншіледі.
Жерлесіміз жалпы есеп бойынша 306 (135+171) келіні бағындырып, жұлқа көтеруден Универсиаданың жаңа рекордын орнатты. Оның басты қарсыласы солтүстіккореялық Ча Кум Чол 306 (140+166) келіні көтеріп, күміс медальді қанағат тұтты. Үштікті 294 (131+163) келімен жапондық Йоичи Итоказу түйіндеді.
Бұған дейін белбеумен күресте Димаш Молдашев (75 келі) күмісті, Аян Ермекбаев (82 келі) және Гүлнұр Ерболова (52 келі) қола медальді жеңіп алған болатын.