09:08, 01 Қаңтар 2012 | GMT +5
Филиппин аралдарында пиротехникадан 200 адам зардап шекті
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Филиппин аралдарының 200-ге жуық тұрғыны отшашулар мен басқа да пиротехниканы қолдану салдарынан жарақат алды, деп хабарлайды Утро. ру.
Кем дегенде 197 адам отшашулардан, ал сегізі - қаңғыма оқтан жарақаттанды, деп мәлімдеді министрдің денсаулық сақтау істері бойынша көмекшісі Энрике Тайяг. Оның мәліметтері бойынша, жарақат алған адамдардың жартысынан көбі - балалар. Шенеуніктер жарақаттанғандардың саны көбеюі мүмкін деп қауіптенеді, өйткені филиппиндықтар жамандық пен бақытсыздықты қудыру үшін Жаңа жылды мерекелеу шулы дырдумен өтуі тиіс дегенге сенеді.