Филиппинде көшкіннің салдарынан 25 адам қаза тапты

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Филиппиннің Минданао аралында көшкіннің салдарынан кем дегенде 25 адам көз жұмды,
None
None

деп хабарлады Associated Press.

 Сонымен қатар жергілікті билік өкілдерінің берген мәліметі бойынша, кем дегенде 100 адам бұзылған үйлердің астында қалып отыр. Қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін.

 Көшкін Компостелла алқабында орын алған. Билік өкілдері хабарлағандай, оқиға болған жерге құтқарушылар тобы жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың желтоқсан айында аралда 45 мың адам зардап шегіп, 1, 2 мың адамның өмірін қиған «Ваши» дауылы болған еді. 100 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Бұл туралы РБК хабарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар