Фин елінің мемлекет және азаматтық қоғамды жаңғырту тәжірибесіне Қазақстан қызығушылық танытады - Сенат спикері Қ. Мәми

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Финляндияның парламентаралық ынтымақтасуының келешегі талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Жүздесу барысында Сенат спикері Финляндия Президентін Қазақстан Парламентінің қызметі туралы хабардар етті. «Біз заң шығарудың әлемдік үздік тәжірибелерін зерделеуге зор көңіл бөлеміз. Осыған байланысты бізге фин әріптестеріміздің инновациялық даму, білім беру жүйесін жетілдіру, экология мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тұтастай алғанда, мемлекет және азаматтық қоғамды жаңғырту мәселелеріндегі тәжірибесі қызығушылық туғызады», - деп атап өтті Қ.Мәми.

Жүздесушілер байланыстарды одан әрі өрістету және парламентшілердің сапар алмасуының маңыздылығын айрықша атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар