18:19, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Фин компаниялары қазіргі кезде Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту мәселелері бойынша жұмыс істеп жатыр - Саули Ниинистё
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Фин компаниялары қазіргі кезде Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту мәселелері бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы Қазақстан-Финляндия «жасыл» экономика және жаңғырту мәселелері жөніндегі экономикалық форумында Финляндия Президенті Саули Ниинистё мәлім етті.
«Мен өзіммен бірге фин компанияларының 10 басшысынан тұратын топты ертіп келдім. Олар қазіргі кезде Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту мәселелері бойынша жұмыс істеуде. Олардың шешімдері электр энергиясын тұтыну мен зиянды шығарындыларды қысқартады. Сонымен қатар бұл компаниялар суды тұтынудың жоғары тиімділігіне кепілдік береді»,-деді аталған елдің Президенті.
Сөз соңында ол бұл компаниялардың басшылары қазіргі заманғы электр желілерінің құрылысы мен темір жол жүйесін электрлендіру бойынша ұсыныстар жасауға дайын екендігін атап өтті.