Финляндия үшін Қазақстанның ДСҰ-ға тездетіп мүше болуы маңызды- П.Вяйрюнен

аурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Финляндия үшін Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына тездетіп мүше болуы маңызды.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Финляндия экономикасының Қазақстандағы күндері» атты бизнес форумда Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяйрюнен осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Еуропалық одақтың басқа елдері сияқты Финляндия үшін де Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы маңызды екенін атап өткім келеді», деді форумда П. Вяйрюнен.

Жаңа нарықтарғы шығу мәселесін қарастыратын бизнес үшін сауда-саттықтың ортақ ережесі сенімділік беретіндігін айтқан ол: «Біз Қазақстан, Беларус және Ресейдің Кеден одағы жайлы, осы одақтың аталмыш үш елдің ДСҰ-ға мүшелігіне қалай ықпал ететіндігі туралы көбірек білгіміз келеді. Егер Кеден одағының құрылуы Қазақстанның ДСҰ-ға кештетіп кіруіне әсер ететін болса, бұл өкінішті болар еді», деді.

Оның пікірінше, экономиканы дамытудағы финдік тәжірибенің немесе финдік модельдің дүниежүзілік рынокқа біртіндеп ықпалдасуы Қазақстан үшін пайдалы болып табылады. «Финляндия экономикасының жаңғыруы және оң дамуы халықаралық ынтымақтастық үшін шекараны ашуға негізделген. Қазақстанның экономикасын әртараптандыру жөніндегі сіздердің күш-жігерлеріңіз Дүниежүзілік сауда ұйымына тездетіп мүше болуға негіз болатындығыне сенемін», деді финдік министр.

Соңғы жаңалықтар