Fitch Ratings халықаралық агенттігі қазақстандық банктің рейтингтерін көтерді

АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 25 сәуірден бастап «Fitch Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның рейтингтерін өсірді. Эмитент дефолтының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) және қамтамасыз етілмеген басымды борышының рейтингі «B+» деңгейінен «BB-» деңгейіне дейін арттырылды.
None
None

Қолдау жасау рейтингі 5-тен 4-ке, ал жеке-дара рейтингі «D/E» деңгейінен «D» деңгейіне дейін көтерілді. Шетел валютасындағы және ұлттық валютадағы қысқа мерзімді ЭДР «В» деңгейінде расталды. Банк рейтингтеріне қатысты Fitch болжамдары «Тұрлаулы» деген деңгейде қалып отыр.

Банк Басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, бұл рейтингтер шетелдік инвесторлардың үлесі бар банктерді қоспағанда, жергілікті коммерциялық банктердің арасында ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Оның өсірілуі күтілген оқиға болатын. 2010 жылы олардың операциялық қызмет ауқымы біршама артты. Алдыңғы екі жылмен салыстырғанда, банктің пайда табу көрсеткіштері ұлғайып, бәсекелес банктер арасында айтарлықтай жоғары болды. Кредит қоржынының провизиялық көлемі жеткілікті деңгейде болып, 2010 жылдың ортасынан бастап сапасы біршама тұрақталды. 2011 жылдың қаңтар айында банк жалпы сомасы 500 млн. АҚШ долларын құрайтын сомаға еурооблигациялар орналастырған еді. Бұл Қазақстанның банк жүйесі үшін айтулы оқиға болып танылды. Өйткені 2008 жылдың мамыр айынан бастап ТМД елдерінің коммерциялық банктері арасында Қазақстан халық банкі бірінші рет осындай жариялы түрдегі мәмілеге қол жеткізе алды. Сондай-ақ наурызда өз акциялары бойынша опцион жүргізуді жүзеге асырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-нан жалпы мөлшері 213 млн. дананы құрайтын акцияларының бір бөлігін сатып алды.

Соңғы жаңалықтар