Франция 2020 жылға дейін кедей елдерді дамытуға 4 млрд. еуро қосымша бағыттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олланд 2020 жылға дейін кедей елдерді дамыту үшін қосымша тағы да 4 млрд. еуро көлемінде мемлекеттік көмек бағыттайды, деп хабарлады Gazeta.ru Reuters агенттігіне сілеме жасап.
None
None

«Франция 2020 жылға дейін қосымша 4 млрд. еуро бағыттап, кедей елдердің дамуына өзінің мемлекеттік көмегі деңгейін ұлғайтуға шешім қабылдады», - деді ол БҰҰ Бас Ассамблеясының жаһандық даму бойынша саммиті кезінде.

Ол сондай-ақ Франция мемлекеттік көмек агенттігін реформалап, үлкен аймақтық қаржы тобына қосады, сөйтіп, «міндеттемелерін орындауды» қамтамасыз ету үшін ірі Еуропа даму банкін құрады, деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар