Франциялық инвесторлар «Food Master» компаниясына 6 миллион еуро бөлгелі отыр

АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Қазақстанның сүт өндірісі саласының ең ірі компанияларының бірі «Food Masterге» франциялық инвесторлар 6 миллион еуро бөлуді қарастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл күнде компанияның Республикамыздың ірі қалаларында: Алматы облысы Есік қаласы, Шымкент пен Павлодарда ірі сүт зауыттары жұмыс жасап отыр. Сонымен бірге, осы күндері компания Республикадағы сүт айналымының 30%-дық мөлшеріне дейін қамтуда.

Өндірістік директор Жана-Мари Люктың келтірген мәліметтері бойынша, соңғы 6 жыл ішінде компанияны дамыту барысында 35 млн. еуро жұмсалған. Өткен және ағымдағы жылдары қаржының негізгі бөлігі Павлодар мен Шымкенттегі зауыттардың керек-жарағына жаратылған. Ал енді Есіктегі зауытқа осы жылдың өзінде 500 млн. еуро бөлінеді деп күтілуде. Бұл қаржыны инвесторлар компанияның өндірістік саласына арнамақ. Компанияның өнімдерінің сапасы мен санын арттыру мақсатында қарастырылатын қаражаттан бөлек, зауыттың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарына да тиісті деңгейде көмек көрсетіледі.

Есіктегі «Food Master» компаниясының зауытында болған Алматыдағы Францияның бас елшісі Гийом Наржоле мен Францияның Қазақстандағы елшілігінің сауда-саттық бөлімінің кеңесшісі Дидье Веллердің айтуынша, бұл жоба осымен алты жыл бойы қолдау тауып келеді және алдағы уақытта да байланыс үзілмейді. Сондай-ақ, осы жылдар көлемінде компания өнімдерінің сапасының артып, серіктестіктің абыройы өскені де ұмыт қалмады.

«Қазіргі таңда бұл өнімдерге сұраныс бар және ол күн санап артып келеді. Жиналған мол тәжірибе мен болашағынан үміт күттіретін жобаларды осылайша біріге отырып іске асыруымыз керек. Сондықтан да, байланысты кеңейтумен қатар, нығайту қажет», - деп пікір білдірді кеңесші.

Өткен жылы компания өзінің негізгі өнімі «Домашнее» сүтін «Лактель» сауда маркасына ауыстырған болатын. Еуропада кең беделге ие болған «Лактель» сүті біршама табыстарға қол жеткізді. Франция, Ресей, Украина, Молдава секілді мемлекеттердің сауда орындарында «Лактель» компанияның кең танымал болуы мен жарнама қызметінде теңдесі жоқ брендке айналды. Ендігі ұжымның алға қойған мақсаты - Қазақстанның Солтүстік аймақтарындағы сүт айналымын толықтай өз қолдарына алу.

Соңғы жаңалықтар