Францияның іскерлік делегациясы Қазақстанға сапар жасайды

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 25-і мен 28-і аралығында Франция президентінің арнайы өкілі, сенатор Эмери де Монтескью бастаған іскерлік делегацияның Қазақстанға сапары өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, делегацияның құрамына Францияның бірқатар министрліктерінің, Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қауымдастығының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, сондай-ақ білім, технологиялар трансферті, энергетика, сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс жасайтын бірқатар жетекші француздық компаниялардың өкілдері еніп отыр. Сапар барысында француздық делегация Астана мен Алматы қалаларында болады және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын зерделеу үшін отандық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар