Францияның Ұлттық жиналысы зейнет жасын көтерді

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Францияның Ұлттық жиналысы зейнетке шығу жасын өзгертуді қолдап, дауыс берді. Парламенттің төменгі палатасы қолдаған зейнет реформасына сәйкес, француздар 2018 жылға қарай зейнетке қазіргідей 60 жастан емес, 62 жастан шығатын болады, деп хабарлайды "GZT.ru" басылымы.
None
None

Бұл реформаны Халық қозғалысы кеңесі және Жаңа орталық партиясы қолдағанымен, солшылдар мен синдикат тарапынан наразылық туғызып отыр. 1951 жылдан бастан Францияда әр жыл сайын зейнетке шығу жасы 4 айға көтеріліп келеді. Қазіргі 60 жастық шек 1983 жылы белгіленген болатын.

Соңғы жаңалықтар