Француздық мәдениетке негізделген «Күзгі кездесулер» фестивалінде көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылады-Франция Елшісі

АСТАНА. 18 қазан.  ҚазАқпарат -  Қазақстанда Франция жылының қарсаңындағы «Күзгі кездесулер» аясында көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Астанада француздық мәдениетке негізделген «Күзгі кездесулер» жылсайынғы фестиваліне орайластырылған баспасөз мәслихатында Қазақстандағы Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертоннэ айтты.
None
None

Айта кетейік, Францияның Қазақстандағы жылы алдағы жылы болады.

Елшінің айтуынша, «Күзгі кездесулер-2012» бағдарламасына келесі жылы өтетін ірі оқиғаларға жоспарлар қарсаңында бірқатар кездесулер мен шаралар енгізілімек. Оның ішінде елеулісі балет саласындағы ынтымақтастыққа байланысты болады және осының аясында премьералық қойылымдар қамтылған.

Бұдан бөлек, «Арс Антиква» ортағасырлық музыка аспаптары ансамблінің Қазақстан бойынша гастрольдік туры жоспарланған. Гастроль бағдарламасына Астанада, Қарағандыда және Алматыда концерттер өтеді деп күтілуде. Сонымен қатар қазақстандық музыкантшылармен кездесулер ұйымдастырылып, француздық ортағасырлық аспаптар мен қазақ халқының ұлттық аспаптары бойынша тәжірибе алмасу ниеттері бар.

«Бұдан басқа «Күзгі кездесулер» аясында басқа да қызықты оқиғалар өткізіледі. Оның ішінде Астанада француздық ірімшіктердің кеші, суретші әрі комикстердің иллюстраторы Николя Журнумен кездесу ұйымдастырылады. Ол көп жылдар бойы Қазақстанда тұрып келеді. Кездесу барысында ол қазақтың мүмкіндігі шектеулі баласымен достығы жайында айтып беретін болады. Олар бірге француздық суретшінің көрмесін ашады деген жоспар бар», деді елші.

Соңғы жаңалықтар