Франкфуртта ЭКСПО-2017 өкілдері «ISH - Optimum Combination of Water and Energy» көрмесіне қатысты

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - 12 наурыз күні Майндағы Франкфуртта ҚР СІМ жауапты хатшысы, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев және «ЭКСПО-2017 Астана» Ұлттық компаниясының президенті Талғат Ермигияев «ISH - Optimum Combination of Water and Energy 2013» жыл сайынғы ең ірі халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты.
None
None

Көрме балама және дәстүрлі энергетиканы қолдана отырып, сумен жабдықтау, жылыту және климаттық жүйелер саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларға арналған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Экспозицияны «Франкфурт Мессе» көрме орталығының президенті Вольфгант Марцин, Майндағы Франкфурт қаласының мэрі Петер Фельдман және Федералдық жерініің қоршаған орта, энергетика, ауыл шаруашылығы және тұтынушылар құқығын қорғау министрі Гессен Луция Путрих ашты. Сөз сөйлеу кезінде олар энергия үнемдеу технологиясын дамытудың маңыздылығын атап өтті. В.Марцин сонымен қатар қонақтарға «ISH - Optimum Combination of Water and Energy 2013» көрмесіне тікелей байланысты «жасыл энергия» тақырыбын алға қоятын «ЭКСПО-2017 Астана» Халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы айтып берді.

Шара аясында қазақстандық делегация «Франкфурт Мессе» орталығының басшылығымен кездесу өткізді және осы көрме кешенінің ұйымдастырылуымен танысты. Неміс тарапы «Франкфурт Мессе» өкілдері «ЭКСПО-2015 Милан» көрмесінде Германияның ұлттық павильонының тәлімгері болып табылатынын хабарлады.

Сонымен бірге, қазақстандық делегация жабдық өндірісі және нысан құрылысы саласындағы «Bosch Termotechnik», «Vaillant Group», «Viessmann», «Wilo Se» сияқты Германияның жетекші компаниялар өкілдерімен кездесулер жүргізді. Неміс компаниялары Астанадағы ЭКСПО-қалашығын салуда қолданылуы мүмкін «жасыл» технологиялар пайдаланылған соңғы жұмыстарымен таныстырды.

Жүргізілген кездесулер нәтижесі бойынша неміс компаниялары басшыларының Қазақстанға келуін ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен бірге Қазақстандағы туризм инфрақұрылымын дамыту, осы салада Германия тәжірибесін қолдану мәселелері талқыланды.

Алғаш рет 1960 жылы ұйымдастырылған «ISH - Optimum Combination of Water and Energy 2013» көрмесінде әлемнің түрлі елдерінен 2000-нан астам компаниялар қатысатыны белгілі. Көрме ұраны - «Энерготиімділік, қор жинақтау, ауызсумен қамту қауіпсіздігі, жаңартылатын қорек көзін қолдана отырып, жылыту және салқындату».

Соңғы жаңалықтар