Футбол: «Ақжайық» пен «Астана» командалары қосалқы құрамының ойынында А.Хасановтың добы алаң иелеріне жеңіс әкелді

ОРАЛ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында 4 мамыр күні «Ақжайық» пен «Астана» командаларының қосалқы құрамы жасыл алаңға шықты.
None
None

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, 11-минутта бұрыштамадан берілген допты оралдық жас футболшылардың бірі, жартылай қорғаушы Азамат Хасанов баспен торға дәл түсірді. Қақпаны алатындай басқа да мүмкіндіктер болғанымен, осы есеп ойын аяғына дейін өзгерген жоқ.

Сөйтіп «Ақжайықтың» қосалқы құрамы бірнеше жеңілістен кейін қарсыласын қапы қалдырып, үш ұпайға ие болды.

5 мамыр күні «Ақжайық» футбол клубының стадионында осы командалардың негізгі құрамы шеберлік байқасады. Астаналықтар көш бастаушылардың бірі болса, таласты шешу жөніндегі палатаның шешімімен бірден алты ұпайынан айрылып, үш-ақ ұпаймен қалған «Ақжайық» соңғы орында келеді.

Соңғы жаңалықтар