07:31, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
Футбол: «Ақжайықтан» алты ұпай алынып тасталды
ОРАЛ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Таласты шешу жөніндегі палатаның 30 сәуір күнгі отырысында «Ақжайық» футбол клубынан алты ұпайды алып тастау жөнінде шешім қабылданды.

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, бұл команданың ойыншылар мен бапкерлердің жалақы қарызын өтеу жөніндегі палата шешімін бірнеше рет орындамаудан туындап отыр. Футболшылар М.Азовский, Я.Валканов, А.Данаев, И.Зенькович, Е.Коструб, Б.Семлер, М.Стойчев, Я.Хлебоун, А.Цирин, П.Черны және бапкерлер С.Ширмялис пен Й.Шкрликке берешекті өтеудің жаңа мерзімі 2013 жылғы 1 маусым болып белгіленді.
Сөйтіп премьер-лигада ойнайтын «Ақжайық» алты ұпайынан айрылып, үш ұпаймен соңғы орынға түсіп қалды.