Футбол: «Ақжайықты» серб маманы Любко Петрович жаттықтырмақ

ОРАЛ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығын» белгілі серб маманы Любко Петрович жаттықтырмақ.
None
None

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, қазір Л.Петрович командамен бірге Астана қаласында. Әзірге келісімшартқа қол қойыла қойған жоқ.

Ойыншы ретінде шабуыл шебінде ойнаған Л.Петрович бапкер есебінде жиырмаға жуық команданы жаттықтырған. Ең басты табысы - 1991 жылы «Црвена Звезда» командасымен Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алған. 2011 жылдың желтоқсанынан биылғы 14 мамырға дейін «Таразды» жаттықтырғаны белгілі.

14 шілде күні турнир кестесінде ең соңғы орында тұрған «Ақжайық» елордада «Астанамен» шеберлік байқасады. Еуропа лигасындағы сәтсіз ойыннан кейін «Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек өз орнынан босату туралы өтініш білдірген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум