08:22, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Футбол: Бүгін Қазақстан құрамасы Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Түркияның Анталья қаласындағы «Ататүрік» стадионында футболдан Қазақстан құрамасы мен Молдова құрамасының арасында жолдастық кездесу өтеді.
Бұл біздің команданың 2010 жылдағы алғашқы матчы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Құрамаға шақырылған футболшылар түгелдей оқу-жаттығу жиынына кіріскен. Алайда, Молдова құрамасымен болатын бүгінгі ойынға қақпашы Александр Мокин (Ордабасы, Шымкент) қатыса алмайды. Мокин жарақат алып қалған. Оның орнына құрамаға «Атырау» командасының қақпашысы Андрей Шабанов шақырылып отыр.