Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына мына ойыншылар шақырту алды.
Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Щацкий («Шахтер»);
Қорғаушылар: Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе») Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»);
Жартылай қорғаушылар: Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Алексей Щеткин («Ротор», Ресей).
Қосалқы құрам:
Қақпашы: Дмитро Непогодов («Астана»);
Қорғаушылар: Михаил Габышев («Шахтер»), Нұрлан Дайыров («Қызыл-Жар СК»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Бағдат Қайыров («Тобыл»);
Жартылай қорғаушылар: Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Максим Федин («Ақтөбе»), Бауыржан Байтана («Тараз»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1 қыркүйекте «Астана Аренада» Украинаны қабылдайды. 4 және 7 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен және Босниямен ойнайды.