Футбол: Қазақстанның Супер кубок матчының өткізілетін уақыты өзгертілді

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Астана-Арена» стадионында өтетін футболдан 2010 жылығы Қазақстанның Супер кубогы матчының өткізілетін уақыты өзгертілді.
None
None

Наурыздың 14-і күні «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары арасында болатын бұл ойын сағат 15-те емес, 14-те басталатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстан Футбол федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, Қазақстанның Супер кубогын алдыңғы маусымда Премьер-лига командалары арасында чемпион атанған және Қазақстан кубогын жеңіп алған командалар өзара сарапқа салады. 2008/2009 жылғы маусымда «Ақтөбе» 26 ойында 65 ұпай жинап, ел чемпионы атанған болатын. Ал, «Атырау» болса финалда Қарағандының «Шахтер» командасын жеңіп, былтыр Қазақстан кубогының иегері атанды.

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, Қазақстан құрамасы мен Молдова құрамасы арасында Түркияның Анталья қаласындағы «Ататүрік» стадионында өтетін жолдастық кездесудің де басталатын уақыты кейінге шегерілді. Бұл ойын наурыздың 3-і күні Антальяда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да басталады. Естеріңізге салайық, футболдан Қазақстан құрамасы осы күндері Түркияның Белек қаласында оқу-жатығу жиынында жүр.

Соңғы жаңалықтар