ФУТБОЛ: «Қыран» жеңіске жетті

Шымкенттіктер тамаша ойын көрсетті. «Қыранның» команда капитаны Жандос Әметов пен қорғанысы мықты әрі алаңда 90 минут бойы үзіліссіз жүгіретін қорғаушы Асхат Мыңбаев командаластарының жеңіске жетуіне мол үлес қосты. Ал сұрмергендердің қатарына қосылған Максим Фильчаковтің қабілетіне жанкүйерлер дән риза. Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық ішкі саясат және дін басқармасының бастамасымен футболдан Қазақстан біріншілігінде Шымкенттің намысын қорғайтын «Қыран» командасының мачтарын «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынан тікелей репортаж арқылы көрсетеді. Қоржынында 21 ұпай саны бар шымкенттік футболшылар турнир кестесінің 7-ші орнына жайғасты. Жерлестеріміз кезекті тур ойындарында 8 тамыз күні Семейдің «Спартагымен» күш сынасады.