Футбол: Оралдың «Ақжайығы» алғашқы алтылыққа енуді мақсат етіп отыр

ОРАЛ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - 9 наурыз күні футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» маусымашар ойында өз алаңында екі мәрте ел чемпионы, биылғы суперкубок иегері Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды.
None
None

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, команда құрамы өткен жылғыдан көп өзгере қойған жоқ. Атап айтқанда, мына ойыншылар «Ақжайық» сапында жасыл алаңға шыға алады. Қақпашылар: Роман Багаутдинов (1987 ж.т.) пен Стас Покатилов (1992), қорғаушылар: Илья Воротников (1986, «Қайраттан» келген), Михаил Любимкин (1983), Бауыржан Омаров (1990), Якуб Хлебоун (1985, Чехия), Руслан Хайыров (1990), Владимир Покатилов (1992), Шапағат Бақытжанұлы (1992), жартылай қорғаушылар: Евгений Коструб (1982), Константин Зотов (1986), Сергей Швецов (1990), Азамат Әлішев (1992), Саджо Хаман (1984, Камерун), Николай Забродин (1990), Ізім Сәрсекенов (1993), Эльдар Абдрахманов (1987), Андрей Арбеков (1986), шабуылшылар: Алексей Мальцев (1986), Павел Черны (1985, Чехия), Ринат Қасымгереев (1992), Игорь Зенькович (1987, Беларусь), Иван Антипов (1996). Бір қуантарлығы, бұлардың басым бөлігі - Батыс Қазақстан футболының түлектері.

Команданы мына бапкерлер жаттықтырмақ. Полос Галстян - бас бапкер, оның көмекшісі - Зураб Саная, екеуі де - «PRO» санатының иегері. Сондай-ақ оларға Артур Авакянц пен қақпашылар бапкері Эдуард Столбовой жәрдемдеседі.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағановтың айтуынша, «Ақжайықтың» алдына биылғы маусымда алғашқы алтылыққа ену міндеті қойылып отыр. Өткен жылы батысқазақстандықтар сегізінші орынды иеленгені мәлім.

Соңғы жаңалықтар