Футбол ойыны кезінде соғыс ардагерлерін қолдауға арналған акция өтеді

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Сенбі күні кешке Қостанайда «Тобыл» және «Локомотив» командаларының арасындағы матч кезінде әлеуметтік акция өтеді.
None
None

Шараны ұйымдастырушының өкілі - «Қостанай облысының «ГРИН» азаматтық альянсы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Гүлмира Қапенованың айтуынша, акция «Менің есімде! Мен мақтан тұтамын!» деп аталады. Оған қатысушылар стадионға келетін жанкүйерлерге 8 мыңнан астам георгий ленталарын және Қостанайдың Ардагерлер кеңесіне қайырымдылық көмек көрсету туралы үндеу жазылған ашықхаттар табыс етеді.

Шара Қазақстанның Азаматтық альянсының «Біз - бір командамыз!» атты республикалық науқанының аясында ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар