Футбол жарысы Астана күніне арналды - БҚО
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жарысқа сегіз команда қатысты.
«Динамо» спорт қоғамы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Павел Ставкиннің айтуынша, мұндай турнир жыл сайын өтіп келеді. Бұл жолы Астана күніне арналды. Аталған ойын түрі қызметкерлерді шапшаңдыққа, төзімділікке бейімдейді. Жарыста үлкен-кіші жоқ, бәрі бірдей. Қақпаға басқарма бастығы да, кіші сержант та тұра алады. Ең бастысы, бұл полиция қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді.
Жарыс қорытындысында Орал қалалық ішкі істер басқармасы - бірінші, БҚО бойынша ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы - екінші, БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ Әділбек Қанатов «Үздік қақпашы», Ренат Кампахаев «Үздік шабуылшы», Нұрболат Дүйсенов «Үздік қорғаушы» атанды.